Қазақстанда адам орташа қанша өмір сүретіні анықталды

Қазақстанда жалпы және нәресте өлімінің төмендеуін, сондай-ақ күтілетін өмір сүру ұзақтығының өсуін қоса алғанда, халық денсаулығының негізгі көрсеткіштерінің тұрақты оң динамикасы тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл нәтижелер денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін және көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруды көрсетеді.

Биылғы 10 айдың қорытындысы бойынша халықтың жалпы өлімі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,7%-ға, нәресте өлімі 18,7%-ға төмендеді.

Дүниежүзілік Банктің деректері бойынша Қазақстан осы көрсеткіш бойынша Орталық Азия елдерінің арасында көшбасшы болып, 2024 жылдың қорытындысы бойынша 75,4 жас деңгейіне жетті.

Сонымен қатар, БҰҰ-ның Адами даму индексі бойынша 2025 жылғы Даму Бағдарламасының есебіне сәйкес өткен жылмен салыстырғанда өз позициясын 7 тармаққа жақсарта отырып, Қазақстан 193 елдің ішінде 60-шы орынға ие болды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов - архив
Өзгелердің жаңалығы