Қазақстанда 9 айда ЖІӨ 4,2%-ға өсті – Ұлттық банк
Ұлттық банкі төрағасының міндетін атқарушы Ерұлан Жамаубаев Құрылтай отырысында қаңтар-қыркүйек аралығынде елде ЖІӨ 4,2%-ға өскенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қазіргі таңда жаһандық экономика тұрақсыздық, геосаяси шиеленіс және сауда саясатындағы қолайсыздықтар аясында дамыды. Халықаралық валюта қорының болжамынша, әлемдік экономика өсімі биыл 3,1%, келесі жылы 3,4% болады, - деді Жамаубаев.
Оның сөзінше, жаһандық инфляция биыл 4,7% және 2027 жылы 4,1% болады деп күтіліп отыр.
Сыртқы сын-қатерлерге қарамастан еліміздің экономикасында оң динамика сақталып отыр. Өткен 9 айдың қорытындысы бойынша ЖІӨ 4,2%-ға өсті. Жылдық инфляция 12 ай қатарынан баяулап, 9,3% болды. Азық-түлік тауарларының бағалары 8,5%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасы 11%, ақылы қызметтер 8,9%-ға өсті, - деп түсіндірді Ұлттық банк өкілі отырыста.
Айтуынша, инфляцияның баяулауына Ұлттық банктің жүргізіп жатқан ақша-кредит саясаты, теңге бағамының нығаюы, Үкіметпен бірлесіп атқарып жатқан іс-шаралар оң ықпал етіп отыр.