Қазақстанда 80-нен астам кәсіпорын KazakhExport қолдауына ие

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Отандық кәсіпорындарды қаржылай және қаржылық емес қолдауды нығайту үшін алдағы 3 жылда 500 млрд теңге, соның ішінде Бәйтерек құралдары арқылы 470 млрд теңге бағытталатын болады. Бұл туралы Үкімет отырысында "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ басқарма төрағасы Айдар Әріпханов айтты. 

"2019 жылдың соңына дейін ҚазақЭкспорттың міндеттемелері бойынша мемлекеттік кепілдікке 102 миллиард теңге лимит бөлу болжанып отыр", - дейді басқарма төрағасы. 

2018 жылы экспорттаушыларға қолдау көрсету шеңберінде ҚДБ жалпы сомасы 87,3 млрд теңге болатын 12 жобаны қаржыландырды. 2019 жылы ҚДБ-да қаржыландыру үшін сомасы 105,8 млрд теңге болатын 18 жобадан тұратын пайплайн бар. 

"2020-2021 жылдарға арналған алдын ала пайплайн теміржол, машина жасау жобаларын қамтиды. Тапсырыстар қалыптастыру сатысында", - дейді ол. 

2019 жылы қаржыландыруды жалғастыру үшін Дамудың тамақ өнімдері, электр жабдықтары, химия және фармацевтика, құрылыс материалдары, жеңіл өнеркәсіп салаларында 47,8 млрд теңге сомасына 77 жобадан тұратын пайплайн бар. 

2019 жылы капиталдандыру және мемлекеттік кепілдіктер алу есебінен сақтандыру көлемі айтарлықтай артатын болады. Осының арқасында үстіміздегі жылы ҚазақЭкспорт кемінде 95 млрд теңге сомасына сақтандыруды қамтамасыз етеді. Бірінші тоқсанда 160 млрд теңгеден астам сомаға 15 жоба, оның ішінде бұған дейін ҚазақЭкспорт қолдауын пайдаланбаған 11 кәсіпорын бойынша оң шешім қабылданды. 

"Осылайша, бүгінгі күні Қазақстанның барлық өңірлерінде 80-нен астам кәсіпорын ҚазақЭкспорт қолдауына ие. Бұдан басқа, 200 млрд теңгеден астам сомаға жобалар пайплайн құрылды. Оның ішінде 100 мдрд теңге машина жасау, металл өңдеу, азық-түлік өнеркәсібі және агроөнеркәсіптік кешені сияқты әртүрлі салалардағы қызметтерді экспорттау. Пайплайндағы 30-ға жуық кәсіпорын ҚазақЭкспорттың қолдауын бұрын пайдаланбаған жаңа клиенттер", - дейді Айдар Әріпханов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы