Қазақстанда 7300-ге жуық баланың көру қабілеті бұзылған

Бұл туралы Сенат отырысында Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Олардың 1235-і балабақшада, 4752-сі мектепте және 478-і колледжде білім алып жатыр. Ал 800-ден аса бала мектеп жасына жетпеген. Бұл бағытта 13 арнайы балабақша және 17 арнайы мектеп қана жұмыс істейді. Білім беру ұйымдарында қажеттілікке байланысты осындай арнайы сыныптар мен топтарды ашуға мүмкіндік бар,-деді ол.

Еске сала кетейік, елімізде нашар көретін адамдарға қандай жағдай жасалатыны туралы осыған дейін жаздық.

Сондай-ақ Сенаттың жалпы отырысында ҚР Конституциялық сот судьясының өкілеттігін тоқтату және лауазымынан босату туралы шешім қабылданды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ
Өзгелердің жаңалығы