Қазақстанда 7 мыңнан астам дәрілік заттар тіркелген

Бүгінгі таңда Қазақстанда 7156 дәрілік зат тіркелген, оның ішінде отандық препараттардың үлесі 1021 атауды (14%), ал шетелдік препараттардың үлесі - 6135 (86%) құрайды, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚР ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тіркелген дәрі-дәрмектердің ішінде рецепт бойынша – 5401 (75%), ал қалған 1755 зат (25%) рецептсіз сатылады.

ҚР Дәрілік заттардың мемлекеттік тізіліміне Беларусь, Германия, Израиль, АҚШ, Ресей, Түркия, Корея, Жапония, Үндістан, Швейцария, Қытай және басқа елдердің препараттары кіреді.

Қазақстанда барлық дәрілік заттар дәріхана сөрелеріне түсер алдында сапасына, қауіпсіздігіне және тиімділігіне міндетті сараптамадан өтеді. Кешенді бағалауды Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптаудың ұлттық орталығының сарапшылары жүргізеді (ДЗМБСҰО). ДЗМБСҰО сарапшылары құжаттарды мұқият талдайды, клиникалық және клиникаға дейінгі зерттеулер бойынша деректерді зерттейді, зертханалық зерттеулер жүргізеді.

Сараптама үш кезеңнен тұрады: бастапқы сараптама, мамандандырылған сараптама және зертханалық сынақтар.

Айта кетейік, хабарлама картасын DariKZ мобильді қосымшасының көмегімен жіберуге болады. Бұл ретте хабарламада әрбір нақты жағдайға барынша талдау жүргізу үшін қажетті деректерді сипаттау маңызды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы