Қазақстанда 6,8 млн бала бар

Елімізде балалары саны - 6,8 млн. Бұл туралы "Балалардың құқықтарын қамтамасыз ету: міндеттер мен жетістіктер" тақырыбында өткен дөңгелек үстелде Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ресми болжамға сәйкес, 2027 жылға қарай елдегі балалар саны 8 миллионға ұлғаяды, - деді комитет басшысы.

Оның айтуынша, қазір елімізде 7 мыңнан астам мектепте 3,8 млн бала оқып жатыр. 

Осы саладағы негізгі мәселе орын тапшылығы, үш ауысымдылық және мектептердің апаттылығы болып отыр. Оны шешу үшін "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы іске асырылып жатыр. Жоба толық жүзеге асқан сәтте жоғарыда аталған мәселелер толық шешімін табады. Бұл шаралар балалардың сапалы білім алу құқығын қамтамасыз етуге бағытталған, - деді Насымжан Оспанова.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов - архив
Өзгелердің жаңалығы