Бүгiн 2026, 10:08
Фото: ©BAQ.KZ архиві
Қазақстанда 51 жыл бұрынғы температура рекорды жаңарды: Қаңтарда +19 бен -42 градус тіркелді
Аномальды жылымықтың орнын артынша қатты аяз басты.
2026 жылдың қаңтарында Қазақстанда ауа температурасы күрт құбылып, бірнеше өңірде тарихи максимумдар тіркелді. Соның ішінде 51 жыл бойы сақталған рекорд жаңартылды. Аномальды жылымықтың орнын артынша қатты аяз басты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қаңтардағы аномальды жылымық: қай өңірлерде рекорд жаңарды?
«Қазгидромет» мәліметінше, қаңтардың алғашқы онкүндігінде республика бойынша ауа температурасы қалыпты нормадан жоғары болды. Орта Азиядан келген жылы ауа массалары бірнеше қалада тарихи максимумдарды жаңартты.
11 қаңтардағы температура рекордтары:
• Қарағанды – +5,5°C (2016 жылғы рекордтан +1,5°C жоғары)
• Шымкент – +17,4°C (1987 жылғы +17,3°C көрсеткішінен асты)
• Тараз – +19,3°C (1999 жылғы +14,2°C рекордынан едәуір жоғары)
12 қаңтар:
• Ақтау – +13,4°C (2025 жылғы рекорд жаңарды)
• Қарағанды – +1,2°C (1975 жылғы +1,0°C көрсеткіштен жоғары). Осылайша 51 жыл бұрынғы температура рекорды бұзылды.
• Семей – +1,5°C (1975 жылғы мәннен жоғары)
• Өскемен – +4,4°C (1987 жылғы рекордтан асты)
13 қаңтар:
• Түркістан – +16,8°C (1986 жылғы максимум жаңарды)
Қазақстанда -42 градусқа дейін аяз болды
Жаңа Жер аумағынан келген суық ауа массалары салдарынан елдің солтүстік жартысында ауа температурасы күрт төмендеді.
• Түнде -30…-38°C дейін суытты
• ШҚО мен Абай облысында -40°C аяз тіркелді
• Марқакөл метеостанциясында -42,6°C көрсеткіші тіркелді
Астанадағы қаңтар: нормаға жақын, бірақ құбылмалы
Астанада қаңтар айының орташа температурасы -14,3°C болды (климаттық норма – -14,5°C).
• Ең жылы күн – 11 қаңтар (+1,6°C)
• Ең суық күн – 17 қаңтар (-28,3°C)
• Айлық жауын-шашын – 23 мм (норманың 128%)
2026 жылғы қаңтар: климаттық контраст айы
2026 жылдың қаңтары Қазақстанда климаттық контрастымен ерекшеленді: бір өңірде көктемге тән жылымық орнаса, екінші аймақта -40 градустан асқан аяз тіркелді. Сарапшылар мұндай құбылмалы ауа райын атмосфералық процестердің белсенділігімен байланыстырады.