Қазақстанда 5 мыңнан астам "қиын" бала тіркеуде тұр
Бүгінде ел бойынша полиция есебінде 5 326 «қиын» жасөспірім тұр. Бұл туралы Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Министрдің айтуынша, олардың тек 2 905-і ғана түзеу және алдын алу шараларымен қамтылған. Бұл – жалпы тіркелген балалардың жартысынан сәл ғана асады.
Әкімдіктер олардың барлығын толығымен қамтуды қамтамасыз етуі керек, – деді Ержан Сәденов.
Сонымен қатар, Ішкі істер министрі балалар арасындағы қауіпті оқиғалардың артып кеткенін атап өтті. Атап айтқанда:
• терезеден құлау,
• суға батып кету,
• жол-көлік оқиғалары жиілеген.
Министрлік бұл бағытта кең көлемде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр: азаматтармен кездесулерде, есептік жиындарда, үйлерді аралау кезінде, ата-аналар чаттарында, БАҚ пен әлеуметтік желілерде, – деді министр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы