22 Қаңтар 2025 2025, 13:58
Фото: pixabay.com
Қазақстанда -40 градусқа дейін аяз болады
Арктикалық суық ауа ағындары Қазақстан аумағына еніп, алдағы үш күнде температураның одан әрі төмендеуі күтіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Арктикалық суық ауа ағындары Қазақстан аумағына еніп, алдағы үш күнде температураның одан әрі төмендеуі күтіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
23-24 қаңтар күндері еліміздің шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлеріне Солтүстік-Батыс циклонының жырасы әсерін сақтап қалады, бұл аймақтарда қар, кей жерлерде қатты қар жауады. Ал қалған аумақта жауын-шашынсыз ашық ауа райы күтілуде.
Ел бойынша бұрқасын, екпінді жел, көктайғақ және тұман болжануда.
Солтүстік өңірлерде түнде ауа температурасы 20-30 градус аяз, кей жерлерде 35 градусқа дейін қатты аяз болады, күндіз 13-20 градус аяз.
Орталық пен шығыста түнде 20-35 градус, ал кейбір аудандарда 40 градусқа дейін күшейетін қатты аяз күтіледі.
Оңтүстікте түнде 15-25 градус, кейбір жерлерде 28 градусқа дейін қатты аяз болады, күндіз температура 5-15 градус аяз шамасында сақталады.