Қазақстанда 4 визит орталығы ашылады

Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің кеңейтілген отырысында ведомство басшысы Асхат Оралов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

«Ордабасы», «Сауран», «Сарайшық» және «Есік» визит орталықтарының салу жұмыстарын аяқтауды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар  Астана қаласындағы «Бозоқ» ұлттық паркінің құрылыс жұмыстарын аяқтау жоспарда бар, - деді министр.

Визит орталықтары заманауи стандарттар бойынша құрылып, саяхаттардың бастапқы нүктесіне айналып, азаматтардың ұйымдастырылған демалысын қалыптастырады. 

Алматыда Орталық мемлекеттік архив жанынан архив қоймасын салу біздің алдымызға қойылған тағы бір маңызды міндет. Орталық мемлекеттік архив қоймасын кеңейту – тарихи-мәдени мұраның бай қабатын сақтау және оған қосылу мүмкіндігі, - деп толықтырды Асхат Оралов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы