Қазақстанда 300-ден астам судьяның орны бос тұр
Парламент палаталарының отырысында Жоғары сот кеңесінің төрағасы Денис Шипп елімізде судьялар үшін 350-ден аса бос жұмыс орны барын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бүгінгі таңда еліміз бойынша судьялар үшін 350-ден аса бос жұмыс орны бар. Біздің ойымызша, заңға енгізілген түзетулер бос судья қызметінің орнына маман тартуға мүмкіндік береді. Мәселен Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай аудандық сотында судьяның орны 3 жылдан бері бос тұр. Онда барып, жұмыс істегісі келетін азаматтар жоқ, – деді Денис Шипп.
Қазақстанда сотта судья болу арнайы талаптар қойылған. Олар:
- Үміткердің 30 жасқа толуы;
- Жоғары білім мен 5 жылдық жұмыс өтілінің болуы;
- Әкімшілік, сыбайлас жемқорлық және басқа да теріс қылықтарды болмауы, заңды бұзбауы;
Сондай-ақ Мәжіліс кулуарында Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрайымы Назгүл Рахметуллина елімізде 300-ден астам судья жетіспейтінін айтты.
Ал судьялардың жалақысы еңбек өтілі мен істеген жылына байланысты, – деп қысқа қайырды Назгүл Рахметуллина
Бірақ судьяның ең төменгі жалақы мөлшерін айта алмады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы