Бүгiн 2026, 14:30 Фото: pixabay.com

Қазақстанда +30 градусқа дейін күн жылып, жаңбыр мен найзағай күтіледі

Көктем тосын мінез танытады. Бір өңірде ыстық болса, бірінде жаңбыр болады деп болжануда.

Қазақстанда 28, 29 және 30 наурыз аралығында ауа температурасы +30 градусқа дейін көтеріледі. Кей өңірлерде жаңбыр, найзағай, желдің күшеюі және тұман күтіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

«Қазгидромет» мәліметінше, Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз, шынайы көктемгі жылы ауа райы қалыптасады.
 
Тек батыс өңірлерде және кей күндері оңтүстік облыстардың таулы аймақтарында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін.
 
Жел күшейіп, кей өңірлерде тұман түседі
 
Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі. Оңтүстікте шаңды дауыл болуы ықтимал.
 
Ал түнгі және таңғы уақытта солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде тұман түсуі болжанып отыр.
 
Температура аймақтар бойынша қалай өзгереді?
 
Күндізгі ауа температурасы мынадай деңгейге дейін көтеріледі:
• батыста: +18…+27°C
• солтүстікте: +10…+17°C
• орталықта: +15…+25°C
• шығыста: +12…+20°C
• оңтүстікте: +23…+30°C
 
Сонымен қатар, синоптиктердің дерегінше, еліміздің оңтүстік-батысында ауа температурасы сәл төмендеп, +13…+20°C шамасында болады.