Бұл бекет ең жақын маңдағы мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінен 71 шақырым қашықтықта орналасқан және жалпы саны 3234 тұрғыны бар 5 елді мекеннің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Жедел әрекет ету үшін бөлімше ТЖМ табыстаған өрт сөндіру автоцистернасымен, қажетті жабдықтармен, байланыс құралдарымен және арнайы киіммен жабдықталған. Бекетте жеке құрамның қызмет атқаруы үшін барлық тиісті жағдай жасалған. Еріктілер ТЖД базасында арнайы дайындықтан өтті.