Қазақстанда 2027 жылы дзюдодан Әлем чемпионаты өтеді
Президент Қазақстан 2027 жылы дзюдодан Әлем чемпионатын өткізу құрметіне ие болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
Біз спорт саласындағы ықпалдастықты өркендетуге, ең әуелі жапонның дзюдо, сумо және кэндо секілді дәстүрлі жекпе-жек өнер түрлерін дәріптеуге әзірміз. Қазақстан 2027 жылы дзюдодан Әлем чемпионатын өткізу құрметіне ие болды. Бұрнағы күні мен қазақтан шыққан белгілі сумошы Кимбозан Харукимен (Ерсін Балтағұл) таныстым, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сонымен қатар Президент халықтар арасындағы мәдени байланыстың жалғасатынына сенім білдірді.
Тығыз мәдени-гуманитарлық байланыстарымыз алдағы уақытта да халықтарымыз арасындағы өзара түсіністік пен достықты нығайтуға қызмет ете береді деп сенемін, - деді Мемлекет басшысы.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы