7 Қыркүйек 2026, 18:20
Фото: ©BAQ.KZ коллажы
Қазақстанда 2026 жылғы қаңтар-маусым айларында ЖІӨ 4,1%-ға өсті
2026 жылғы қаңтар-маусым айларындағы өндіріс әдісімен есептелген жалпы ішкі өнім
2026 жылғы қаңтар-маусым айларында өндірілген жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) көлемі, жедел деректер бойынша, 70 948 693,3 млн теңгені құрады.
Айта кетейік, нақты мәнде ЖІӨ өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 4,1%-ға өсті.
Нақты мәнде ең жоғары өсім келесі салаларда байқалды:
Құрылыс – 15,2%, өңдеу өнеркәсібі – 9,8%, көлік және қоймалау – 7,1%, көтерме және бөлшек сауда; автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеу – 5,7%, ауыл, орман және балық шаруашылығы – 4,4%.
2026 жылғы қаңтар–маусым айларында ЖІӨ-дегі тауарлар өндірісінің және қызметтер өндірісінің үлесі тиісінше 36,4% және 55,4% құрады. ЖІӨ өндірісіндегі негізгі үлесті өнеркәсіп – 28,6% құрады.
ЖІӨ өсіміне ең жоғары үлесті өңдеу өнеркәсібі – 1,25 пт, көтерме және бөлшек сауда – 0,93 пт және құрылыс – 0,79 пт қосты.

Еске салайық, бұған дейін ЕҚДБ 2026 жылы Қазақстанның ЖІӨ-сі 4,7%-ға өседі деп болжады.