Қазақстанда 2025 жылы туған сәбилерге жиі қойылған есімдер белгілі болды
2025 жылдың басынан бері Қазақстанда дүниеге келген сәбилерге қойылған ең танымал есімдер белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі хабарлағандай, ұл балалар арасында көш басында — Айсұлтан, ал қыз балалар арасында — Айлин есімі тұр.
Ұл балаларға жиі қойылған есімдер тізімінде алғашқы бестікте Айсұлтан, Мұхаммед, Омар, Әлихан және Рамазан есімдері бар. Сондай-ақ, Алдияр, Әмір, Алан, Хамза, Нұрислам секілді есімдер де кең таралған.
Қыз балалар арасындағы ең танымал есімдер қатарында Айлин, Медина, Асылым, Айша және Мәриям көш бастап тұр. Сонымен бірге, Томирис, Сафия, Раяна, Амина, Зере есімдері де жиі кездеседі.
Ер балалар арасында ең жиі қойылған есімдер: Айсұлтан, Мұхаммед, Омар, Әлихан, Рамазан, Алдияр, Мұхаммад, Әмір, Алан, Хамза, Әли, Нұрислам, Альтаир, Айбар, Ислам, Әлинұр, Мүслім, Мансұр, Дінмұхаммед, Зейін, Ибраһим, Мирас, Хақназар, Арлан, Арсен.
Қыз балалар арасында ең жиі қойылған есімдер: Айлин, Медина, Асылым, Айша, Мәриям, Томирис, Аяла, Сафия, Раяна, Айым, Амина, Адия, Хадиша, Зере, Хадия, Ясина, Айару, Айкөркем, Айзере, Кәусар, Аиша, Ясмина, Жасмин, Фатима, Айдай.
Айта кетейік, бұған дейін адам есімі тағдырына қалай әсер ететіні туралы жазған болатынбыз.