Қазақстанда 18 университет Академиялық адалдық лигасына қосылды

Елімізде 18 университет Академиялық адалдық лигасына қосылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы ҚР ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ақерке Абылайхан Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Биыл Қазақстан Халқы Ассамблеясының сессиясында Президент «Таза я тазалық, бұл – киелі сөздер. Ары таза адам ешқашан елін сатпайды» деп атап өткені белгілі.

Жастарды әлеуметтендіру бағытында кешенді жұмыс жүргізілуде, атап айтқанда жоғары оқу орындарында тәрбие жұмыстарын жүргізудің жүйеленген әдістемесі бекітілді. Сонымен қатар жастарға психологиялық көмек көрсету орталықтарын реттейтін бұйрық қабылдадық. Жастардың қоғамдық белсенділігін анықтайтын көрсеткіш 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы мен ЖОО даму жспарларына да міндетті болып енгізілді, - деп атап өтті ведомство өкілі.

Сонымен қатар ол адал азаматты қалыптастыру бағытында бірқатар шаралар жүргізіліп жатқанына тоқталды.

Атап айтқанда, жоғары білім саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде комплаенс мамандарды даярлау, арнайы стандарттар енгізу, комплаенс қызметтерді жетілдіру бағытында жұмыс жасалуда. Оқу орындарында саналы ұрпақ, таза сессия сияқты акциялар үнемі жүргізіледі. Оған қоса, дипломдық, диссертациялық жұмыстар кезінде антиплагиат жүйесі енгізілген. Академиялық адалдықты сақтау ол білім алудағы басты принциптердің бірі. Бұл ретте, Академиялық адалдық лигасы құрылған. Оған бүгінде 18 ЖОО мүше, - деді Ақерке Абылайхан.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов - архив
Өзгелердің жаңалығы