Қазақстанда 18 түрлі дін мен конфессияға жататын этностық топ өкілдері тұрады
Бұл туралы Парламент Сенатының төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының басшысы Мәулен Әшімбаев Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі хатшылығының XXI отырысында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Астанадағы рухани көшбасшылардың алғашқы кездесулерінде сенімсіздік танытқандар да болды. Көбі діни лидерлердің диалогын ұйымдастырудың болашағы мен маңыздылығына сенбеді. Олар қатты қателесті. Бүгінгі таңда дінаралық диалог шындыққа айналып қана қоймай, халықаралық қатынастардың маңызды факторы да болып отыр, - деп атап өтті ол.
Әшімбаев атап өткендей, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеяның 78-ші сессиясында Қазақстан дінаралық және конфессияаралық диалогты әлем мәдениетінің ажырамас бөліктері ретінде ілгерілетіп келе жатқанын айтты. Бұл - халықаралық қатынастардың сындарлы дамуына еліміздің қосқан үлесі.
Бірақ біз съездің көпконфессиялы қоғамымыздың үйлесімді дамуына қосқан үлесінде ерекше бағалаймыз. Тарихтың қалауымен Қазақстанда 18 түрлі дін мен конфессияға жататын 100-ден астам этностық топ өкілі тұрады. Біз съезге қатысушыларға Қазақстанда этносаралық және дінаралық келісімді нығайтудағы игі істерімізді қолдағаны үшін алғыс айтамыз, - деді ол.