Қазақстанда 116,5 мыңнан астам қыз АПВ-ға қарсы екпе алды

Адам папилломасы вирусына қарсы иммундау науқаны басталғаннан бері Қазақстанда 116,5 мыңнан астам қыз егілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдеуінше, вакцинациялаудан кейін егілгендердің арасында жағымсыз жанама әсерлер тіркелмеген.

Жоғары қауіпті онкогенді 16, 18 АПВ түрлері негізінен жатыр мойны обырын (ЖМО) тудырады.

АПВ-ға қарсы профилактикалық вакцинациялау жатыр мойны обыры дамуының алдын алады.

АПВ - әлемдегі ең көп таралған вирустардың бірі. 50 жасқа дейінгі әйелдердің 80%-ы өмір бойы АПВ-ны жұқтырады.

Әлемде жыл сайын жатыр мойны обырынан 300 мыңға жуық әйел қайтыс болады. Қазақстанда жыл сайын ЖМО-ның 2 мыңға жуық жағдайы анықталады.

АПВ-ға қарсы вакцинациялаудың ұлттық бағдарламасы 135 елде жоспарлы негізде енгізілді.

Мысалы, Шотландияда АПВ-дан вакцинациялауды енгізер алдында 20 жастағы қыздарға жаппай скрининг жүргізілді, олардың 30%-ы 16 және 18 жасында адам паппиомасы вирусының онкогендік типтерін жұқтырған.

АПВ-ға қарсы вакцинациялауды енгізгеннен кейін 7 жыл өткен соң, қыздардың келесі буынынык арасында АПВ-ның таралуы 4,5%-ға дейін қысқарды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Жалғасбек ТОҚТАМЫСОВ - Архив
Өзгелердің жаңалығы