Қазақстанда 10 мыңнан астам оқушы есепке қойылған

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар бойынша есепті ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті жүргізеді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Құқық қорғау органдарының есебінде девиантты мінез-құлқы бар 5326 жасөспірім бар. 2024–2025 оқу жылында ішкі мектептік есепке 10 мыңнан астам оқушы қойылды. Балалар проактивті форматта қосымша біліммен қамтылды, - деді премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев.

Сондай-ақ ол жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтарды ІІМ академиялары (Алматы, Қарағанды, Қостанай және Ақтөбе қалаларында) талдайтынын, оның қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға ұсынымдар жолданатынын атап өтті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов - архив
Өзгелердің жаңалығы