Бүгiн 2026, 20:57 Фото: ©BAQ.KZ архиві

Қазақстанда 1-сыныпқа құжат қабылдау басталады: Жаңа кесте жарияланды

Оқу-ағарту министрлігі 2026-2027 оқу жылына арналған қабылдау мерзімдерін бекітті. Өңірлер бойынша күндер әртүрлі болады.

Қазақстанның Оқу-ағарту министрлігі 2026-2027 оқу жылына арналған бірінші сыныпқа құжат қабылдау кестесін бекітті.

Биыл қабылдау науқаны 27 мамырда басталып, 2026 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады. Министрлік құжат қабылдау жүйесін өңірлер бойынша кезең-кезеңімен іске қосуды шешкен.

Ведомство мәліметінше, мұндай тәсіл ақпараттық жүйелерге түсетін жүктемені азайтып, ата-аналар үшін процесті ыңғайлы етуге мүмкіндік береді.

Құжатты қалай тапсыруға болады?

Ата-аналар өтінішті бірнеше тәсіл арқылы бере алады:
– OQU платформасы арқылы;
– электрондық үкімет порталы арқылы авторизация жасап;
– білім беру ұйымдарына тікелей барып.

Қай өңірде қабылдау қашан басталады?

27 мамырдан бастап құжат қабылдау:
– Астана қаласында;
– Абай облысында;
– Жетісу облысында;
– Қызылорда облысында;
– Батыс Қазақстан облысында басталады.

10 маусымнан бастап:
– Алматы қаласында;
– Ақмола облысында;
– Ақтөбе облысында;
– Жамбыл облысында;
– Шығыс Қазақстан облысында қабылдау жүргізіледі.

18 маусымнан бастап:
– Шымкент қаласында;
– Алматы облысында;
– Қостанай облысында;
– Павлодар облысында;
– Атырау облысында құжат қабылданады.

29 маусымнан бастап:
– Түркістан облысында;
– Маңғыстау облысында;
– Қарағанды облысында;
– Солтүстік Қазақстан облысында;
– Ұлытау облысында қабылдау басталады.