Қазақстанда 1 шілдеден бастап газ бағасы қымбаттады

Үкімет отырысында Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев газдың бағасына қатысты ведомствоның жоспарын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгінгі таңда тауарлық газдың бекітілген көтерме сауда бағасы 1 000 текше метр үшін 23 646 теңге болған кезде, тауарлық газдың орташа өзіндік құны 33 169 теңге. Газ саласына инвестициялар тарту және тауарлық газдың өзіндік құнына қол жеткізу мақсатында халық үшін бағаның күрт өсуіне жол бермеу есебімен, газ бағасын кезең-кезеңімен көтеру талап етіледі, - деп айтты министр.

Мысалы, Сәтқалиевтің айтуынша, биыл 1 шілдеден бастап еліміздің ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағасы қайта қаралып, орта есеппен 14,6% ұлғайды.

Жалпы, 3 жыл ішінде ішкі нарықта газды сатудың шығынсыз болуына қол жеткізу жоспарланып отыр. Бұл елдің газға деген өсіп келе жатқан қажеттілігін жабуға және еліміз үшін маңызды инвестициялық жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді, - деді ол.

2030 жылға дейін елімізде 4 газ өңдеу зауыты ашылатыны туралы осыған дейін жаздық. Министр биыл неше газ құбыры жөнделетіні туралы да айтты. Биыл Ресей, Түркіменстан және Өзбекстан газын Қазақстан арқылы тасымалдау артады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: primeminister.kz
Өзгелердің жаңалығы