Қазақстанда 1 сәуірден бастап тағы бір өзгеріс енгізіледі
Бұдан былай балалар лагерьлері лицензия бойынша жұмыс істейді.
2026 жылғы 1 сәуірден бастап балаларға арналған демалыс және сауықтыру лагерьлері міндетті түрде лицензия алуы тиіс. Бұл жайлы Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин депутаттардың сауалына берген жауабында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Үкіметтің мәліметінше, бұл талап «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және білім беру-сауықтыру қызметтері мәселелері жөніндегі» 2025 жылғы 26 желтоқсанда қабылданған заң аясында енгізіліп отыр. Жаңа ережеге сәйкес, кәмелетке толмағандарға білім беру және сауықтыру қызметін көрсететін ұйымдар 5 жыл мерзімге берілетін лицензия алуға міндеттеледі.
Сонымен қатар білім беру ұйымдарына қойылатын талаптар да күшейтіледі. Атап айтқанда, білім беру-сауықтыру бағдарламаларына, педагог қызметкерлердің біліктілігіне, материалдық-техникалық базасына, санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысының болуына, балалардың тұру жағдайына, тамақтандыруды ұйымдастыруға, медициналық қызмет көрсетуге және қауіпсіздік шараларына қатысты жаңа талаптар енгізіледі.
Бұдан бөлек, білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру тәртібіне де өзгерістер енгізіледі. Жаңа жүйе бойынша білім беру-сауықтыру қызметтерін лицензиялау электрондық форматта жүзеге асырылады.
Сондай-ақ балалардың демалысын ұйымдастыратын орталықтар үшін білім беру-сауықтыру бағдарламаларының құрылымы мен мазмұнына қойылатын бірыңғай талаптар әзірленіп жатыр. Бұл талаптар балалар лагерьлерін лицензиялаудың негізгі өлшемдерінің бірі болады.
- Абай облысының әкімі Берік Уәли ауқымды республикалық кітап эстафетасына бастау берді 21:48
- Жел, найзағай, нөсер жауын: 19 сәуірде бірқатар өңірде дауылды ескерту жарияланды 21:18
- Ормуз бұғазында мұнай тиеген үнді танкерлеріне қысым жасалды 20:49
- Қарағандыда бір жастағы бала ауруханада көз жұмды 20:15
- Щучинскідегі «Палау орталығында» болған өрттен қаза тапқандар саны 12 адамға жетті 19:54
- Атырау облыстық полициясының бұрынғы басшысы қамауға алынды 19:22
- Иран бірқатар әуежайды қайта іске қосты 18:48