Қазақстанда 1 қыркүйектен бастап көлікті "сұр" жолмен әкелуге тосқауыл күшейтіледі
Жаңа талаптар көліктерді заңсыз әкелу деректерін азайтып, нарықтағы бақылауды күшейтуге бағытталған.
Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында 1 қыркүйекке дейін Қазақстанға автокөліктерді заңсыз әкелудің жолын кесуге бағытталған кедендік әкімшілендіру мен техникалық реттеудің жаңа тәсілдерін енгізуді тапсырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Үкімет басшысы елімізге көліктерді заңсыз әкелу деректері әлі де тіркеліп отырғанына тоқталды.
Қолда бар деректерге сәйкес еліміздің аумағына көлік құралдарын заңсыз әкелу фактілері әлі де тіркелуде. Мұндай көліктердің басым бөлігі техникалық және экологиялық талаптарға сай келмейді. Бұл, соның ішінде кедендік заңнама нормаларын құқықтық қолдану тәжірибесіндегі олқылықтарға да байланысты. Қаржы министрлігі Өнеркәсіп министрлігімен бірге он күн ішінде автокөліктердің ел аумағына заңсыз әкелінуіне жол бермеу жөнінде шаралар кешенін әзірлесін. Қолданыстағы заңнамалық нормаларды түсіндіру барысында нақты әрі айқын ұстаным болуға тиіс, - деді Үкімет басшысы.
Айтуынша, кедендік әкімшілендіру мен техникалық реттеу саласындағы тиісті тәсілдер осы жылдың 1-ші қыркүйегінен бастап қолданысқа енгізілуге тиіс.
Қабылданып жатқан барлық шаралар бойынша халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет, - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Еске салсақ, Премьер-министр Олжас Бектенов автокомпонент өндірісін дамыту жоспарын бір айда әзірлеуді тапсырды.
- Семейдегі сауда орталығында әйелдің аяғы эскалаторға қысылып қалды 22:20
- Ақмарал Ерекешева Чехиядағы Гран-приде төрт жүлде жеңіп алды 21:48
- Атырауда «ALTYN ORDA» халықаралық садақ ату турнирі өтіп жатыр 21:11
- БРИКС, БАӘ және транзит: Қазақстан экономикалық мүмкіндіктерін қалай кеңейтуде 20:59
- БРИКС плюс: Қазақстан транзит пен инвестиция мүмкіндіктерін кеңейтуде – Сарапшы 20:58
- Жапонияда үкімет қайта жасақталады: Такаити қарсыластарын қызметінде қалдырмақ 20:55
- Қосшыда сауда үйінде жанжал шығарған ер адам 15 тәулікке қамалды 20:40