Қазақстанда 1 млрд долларлық күнбағыс зауыты іске қосылады
2028 жылға қарай Қазақстанда дүние жүзінде үштікке кіретін ең ірі күнбағыс майы компаниясы іске қосылады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Үкімет отырысында мәлімдеді.
"Экспорттық акселерация" бағдарламасына ерекше көңіл бөлінуде. Биыл бағдарламаға агроөнеркәсіп секторынан 11 тауарлық бағытты қамтитын, 40 компания қатысуда. 6 сауда-экономикалық миссия өткізілді, оның қорытындысы бойынша 159,4 млрд теңге болатын Агроөнеркәсіп өнімдерін экспорттауға келісімшарттар жасалды. Жыл соңына дейін тағы 4 миссия өткізу жоспарланып отыр, - деп атап өтті ведомство басшысы.
Айтуынша, май және тоң май өнеркәсібінің 2026-2028 жылдарға арналған жол картасын әзірлеу аяқталуға жақын.
Құжат Ауыл шаруашылығы министрлігі, Халықаралық сауда орталығы және Тоң май және май дақылдарын қайта өңдеушілердің ұлттық қауымдастығымен бірлесіп дайындалды. Мақсат – майлы дақылдар секторын келесі деңгейге көтеру: қуаттарды өндіру мен жүктеуді арттыру. 2028 жылға қарай саланың жылдық айналымы бір миллиард доллардан асатын болады және дүние жүзінде үштікке кіретін ең ірі күнбағыс майы компаниясының біріне айналады, - деді министр.
Бұған дейін Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысында Қазақстанда өзін негізгі азық-түлік тауарларымен толықтай қамтып отырғанын мәлімдеді.