Қазақстан жолдарының жай-күйі. Көлік вице-министрінің шындығы

"Желмая" жобасының бүгінгі қонағы қонағы көлік вице-министрі Сатжан Аблалиев, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Көлік министрлігінің құрылғанына 1 жарым жылға жуық уақыт болды. Көлік-логистика саласын қарқынды  дамыту үшін қабылданған бұл шешім қаншалықты тиімді болды?

"Нұрлы жол" бағдарламасы аясында 2025 жылға дейін 24 мың шақырым жол, яғни, республикалық маңызы бар жолдың бәрі жөндеуден өту керек болған. Бұл жоспар орындалды ма?

Қазір бүкіл ел бойынша ұзындығы 3200 шақырым болатын ақылы жол жүйесі жұмыс істейді екен. Бірақ есіңізде ме, 2022 жылы министр Өскенбаев 2025 жылға дейін 11 мың шақырым автожолды ақылы қыламыз деген. Не кедергі болды?

Ақылы жолдардан былтыр 50 миллиард теңгеге жуық кіріс түсіпті. Бұл қаражаттың игерілу механизмін түсіндіріп беріңізші.  Қайда, қалай жұмсалады? Осы және өзге де сұрақтарға көлік вице-министрі Сатжан Аблалиев жауап берді.

Айта кетейік, "Желмая" жобасында – билікте, саяси тұғырда жүрген елге танымал қоғам қайраткерлері мен саяси тұлғалардың хикаясы. Түрлі салада абыройлы қызметімен елге танылған тұлғалармен елорданы көлікпен аралап жүріп әсерлі әңгіме, тұщымды видеосұхбат оқырман назарына ұсынылады. Жоба қонақтары елімізде болып жатқан белгілі бір оқиғаға, қоғам арасында резонанс тудырған мәселелерге қатысты және басқа да қойылған сұрақтар аясында әңгіме өрбітеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ
Видео: BAQ.KZ
Өзгелердің жаңалығы