17 Шілде 2026, 17:54 Фото: gov.kz

Қазақстан ЖИ саласындағы ынтымақтастық жөніндегі дүниежүзілік ұйымның құрылтайшысы атанды

29 елдің өкілдері келісімге қол қойды.

Қазақстан жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастық жөніндегі дүниежүзілік ұйымның (WAICO) құрылтайшы мемлекеті атанды. Бұл туралы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Қазақстан Республикасының атынан World Artificial Intelligence Cooperation Organization (WAICO) құру туралы келісімге Премьер-Министрдің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев қол қойды.

29 елдің өкілдері келісімге қол қойып, жаңа халықаралық ұйымның құрылтайшы мемлекеттері болды. Салтанатты рәсімге БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриш және басқа да мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты. Келісімге сәйкес, WAICO қызметі Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының мақсаттары мен принциптеріне сәйкес, кең консультациялар, бірлескен үлес, өзара пайда және адам мүдделерінің басымдығы негізінде құрылатын болады, - деп жазылған министрлік хабарламасында. 

Ұйымның мақсаты-халықаралық ынтымақтастықты дамыту және жасанды интеллект саласындағы жаһандық басқаруды жетілдіру, жасанды интеллект технологияларының Қауіпсіз, әділ және адам игілігіне бағдарлануын қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың бүкіл адамзат мүддесі үшін тұрақты дамуына жәрдемдесу.