Қазақстан жеңіл атлетикадан Азия чемпионатын 7 медальмен аяқтады
Қытайдың Тяньцзинь қаласында өткен жеңіл атлетикадан жабық кешендегі Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. Құрлықтық додада Қазақстан құрамасы жалпы саны жеті медаль жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.
Алтын жүлделерді Алина Чистякова (бессайыс), Нора Джеруто (3000 метр), сондай-ақ әйелдер арасындағы 4×400 метрлік эстафетада ел намысын қорғаған Қазақстан құрамасы (Кристина Кондрашова, Марина Шувалова, Анна Шумило, Аделина Земс) иеленді.
Биіктікке секіру сайысында Надежда Дубовицкая күміс медальға қол жеткізді.
Қола жүлделер Нора Джерутоға (1500 метр), Мария Ефремоваға (үш қарғып секіру) және ерлер арасындағы 4×400 метрлік эстафетада сынға түскен Қазақстан құрамасына (Вячеслав Земс, Мәди Төкенов, Андрей Соколов, Эльнор Мухитдинов) бұйырды.
Жалпыкомандалық есепте Қазақстан құрамасы төртінші орынға тұрақтады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Астанада жол бойындағы автобус түгелдей жанып кетті
Өзгелердің жаңалығы