Қазақстан Жазушылар одағында әдеби жыл қорытындысы өтіп жатыр

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыдағы Қазақстан Республикасының Жазушылар одағында 2018 жылы шыққан көркем шығармаларды талқылауға арналған жиын өтіп жатыр. 



Алқалы жиынды Жазушылар одағы басқармасының төрағасы Ұлықбек Есдәулет алғысөзімен ашып, өткен жылы атқарылған істерге тоқталып өтті. 

“Рухани жаңғыру” бағдарламасын іске асыру жөнінде Ұлттық комиссия құрылып жұмыс істеп жатқанын білесіздер. Жақында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен жаңартылған ұлттық комиссияға бұдан былай Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы Марат Тәжин жетекшілік етеді. Жақында осы комиссияның отырысы өтті. Марат Тәжин “Рухани жаңғыру” қолға алынған екі жыл ішінде ауқымды жұмыстар атқарылғанын атап өтті. Кеше ғана Біріккен ұлттар ұйымының 6 тіліне аударылған қазақ әдебиетінің антологиясы жарық көрді. Алдағы уақытта Қытай елі таңдаулы он қазақ шығармасын қытай тіліне, кейін қытайлық он жазушының еңбегін қазақ тіліне аударуға келісті. Сонымен қатар, екі жыл сайын делегациялар алмасып, тұрақты кездесулер өткізуге ұсыныс білдірді”, - деді Ұлықбек Есдәулет. 


Жиынға Алматы қаласындағы қаламгерлер қатысуда.




Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы