Қазақстан жасанды интеллектке дайындық индексіне сәйкес 72-орында

Қазақстандағы жасанды интелекттің даму деңгейі сөз етілді,деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгін орталық коммуникациялар қызметінде жасанды интелектің мүмкіндіктері мен қазіргі хәлі көтерілді. Баспасөз аланына келген «Цифрлық үкіметті қолдау орталығы» бас директоры Рүстем Биғари айтты.

Қазақстан жасанды интеллект саласындағы әлемдік жарысқа кешігіп қосылғанымен, қазіргі уақытта елде осы салада түрлі жобалар іске асырылуда. Алғашқы қадамдар Денсаулық сақтау мен "ақылды қалаларды" дамытуға бағытталған "Цифрлық Қазақстан"мемлекеттік бағдарламасы арқылы жасалды. Жекелеген іс-шаралар "цифрландыру, ғылым және инновация есебінен технологиялық серпіліс"ұлттық жобасы аясында да өткізілді, - деді ол.

Содан бері жасанды интелекті қарқынды дамып, облыс, республика деңгейінде түрлі жобалар іске қосылып, бағдарламалар жүйеге енгізілді.

IDC бағалауы бойынша, жасанды интеллект (AI) шығындары, соның ішінде бағдарламалық қамтамасыз ету, аппараттық құралдар және мамандандырылған қызметтер 2023 жылы 154 миллиард долларға жеткен.

Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 26,9% - ға өсті. Bloomberg Intelligence мәліметтері бойынша генеративті ai нарығы шамамен 40 миллиард доллар және 2025 жылға қарай 217 миллиард долларға, ал 2032 жылға қарай 1,3 триллион доллардан асады деп күтілуде. Онжылдықтағы орташа жылдық өсу қарқыны (CAGR) шамамен 42% деңгейінде бағаланады, - деп атап өтті.

Маман сөзінше мұндай өзгерістер еңбек қатынастарына, тұтынушылардың қалауына, PR, бизнес-модельдерге айтарлықтай әсер етеді.

Oxford Insights жүргізген Үкіметтің 2023 жылға арналған жасанды интеллектке дайындық индексіне сәйкес, Қазақстан 193 елдің арасында 72-орында тұр.

Қазақстанның күшті жақтары деректердің қолжетімділігі мен өкілдігі, цифрлық әлеует және құқықтық базаның Цифрлық бизнес-модельдерге бейімделуі болып табылады. Әлсіз жақтары-ірі жеке технологиялық компаниялардың болмауы, венчурлық капиталдың болмауы, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға жеткіліксіз шығындар, - деді Рүстем Биғари.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы