Қазақстан жасанды интеллектіні қалай дамытады

Үкімет отырысында Жасанды интеллектіні дамыту тұжырымдамасы қаралды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев тұжырымдаманың негізгі мәнін түсіндірді. 

Министрдің сөзінше, әзірленіп жатқан Тұжырымдаманың мақсаты – жасанды интеллектті қолдана отырып, ЖИ экожүйесін құру, қолайлы климатты қалыптастыру және экономика салаларын одан әрі дамыту. 

Ол үшін Қазақстанда суперкомпьютерді орналастыру, деректерді өңдеу орталықтарын салу, Ұлттық ЖИ платформасын құру және талшықты-оптикалық байланыс желілері жүйелерін дамыту көзделеді. «Нұр-Әлем» музейінің инфрақұрылым базасында мемлекет, ғылым, бизнес және халықаралық серіктестер арасындағы ынтымақтастық үшін Alem.AI ұлттық орталығын ашу жоспарланып отыр, - деп айтты Жаслан Мәдиев.

Алдыңғы қатарлы ғылыми орталықтармен, соның ішінде Берклидегі Калифорния университетімен халықаралық ынтымақтастық белсенді дамып келеді.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі 2029 жылға дейін мынадай мақсаттарды белгіледі: 

- Оқыту 5 млн адам ЖИ дағдыларына оқыту. 

- 500 мың салалық маман даярлау. 

- 5 қазақстандық «бірегей мүйізді» құру. 

- IT-экспортты 5 млрд дейін ұлғайту. 

- Экономика секторларында жыл сайын кемінде 25 енгізілген ЖИ өнімі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы