Қазақстан және Украина сыртқы істер министрлері БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясы аясында кездесті
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Украина Сыртқы істер министрі Андрей Сибигамен кездесу өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Сұхбат барысында халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер және қазақ-украин ынтымақтастығының қазіргі даму ахуалы бойынша пікір алмасу орын алды.
М.Нұртілеу Қазақстанның Украинадағы жағдайды тез арада реттеуге және елде тұрақты бейбітшіліктің орнауына мүдделі екенін растады.
Атап айтқанда, Астана қақтығысты БҰҰ Жарғысы мен халықаралық құқықтың негізгі қағидаттарына сәйкес саяси-дипломатиялық жолмен реттеуді қолдап келгенін және бұл ұстанымда екені аталып өтті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Шымкентте мешіт өртенді
Өзгелердің жаңалығы