Қазақстан және Нидерланд СІМ басшылары қазақстандықтар үшін визалық режимді жеңілдетуді талқылады
Нидерланд тарапының бастамасымен Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Нидерланд Корольдігінің Сыртқы істер министрі Ханке Бруинс Слотпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Сұхбат барысында тараптар екіжақты саяси және сауда-экономикалық байланыстарды нығайту жолдарын, сондай-ақ көпжақты құрылымдар шеңберіндегі өзара іс-қимылды талқылады.
Шенген аймағында ҚР азаматтары үшін визалық режимді жеңілдету мәселелеріне бөлек назар аударылды.
Тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, тұрақты диалогты жалғастыруға уағдаласты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Атырауда Құлсарыдағы көпір уақытша жабық
Келесі жаңалық
Алматы облысында ер адам әйілінің басын балғамен ұрған
Өзгелердің жаңалығы