Қазақстан жаңа халықаралық әуе бағыттарын ашады. Олар қандай?

Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Мемлекет басшысы мақұлдаған үш жылдық жоспар аясында жаңа халықаралық авиамаршруттар ашылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Авиация бойынша 2025 жылғы желтоқсанда Мемлекет басшысы мақұлдаған үш жылдық жоспарға сәйкес жұмыстар басталды. Биыл жаңа халықаралық авиамаршруттарды қайта бастау және ашу жоспарда. Сондай-ақ Вена, Рим, Шанхай және тағы басқа бағыттар бойынша рейстер ашылады, - дейді Көлік министрі.

Әуе транзиті артуы үшін ұшақтарға арналған жанармай арзандатылады.

Қазіргі уақытта ҚазМұнайГаз-Аэро бүкіл әуежайларда қолжетімді, - дейді министр.

Сонымен қатар Қазақстан әуежайларына жүк ұшақтарын тарту үшін шетелдік ірі авиакомпаниялармен келіссөз жүріп жатыр.

Олар, FedEx (АҚШ), UPS (АҚШ), Cargolux (Люксембург), DHL (Германия), Lufthansa Cargo (Германия). Жалпы бұл салада көрсеткіштер оң динамикасын көрсетіп отыр: авиа жүк өндеуі өсіп жатыр. Өткен жылы жүк өндеуі 173 мың тоннаға жетті, осы аймақтағы ең үлкен көрсеткіш. Бұл бағытта жұмысты күшейтеміз, - деді Нұрлан Сауранбаев.

Бұған дейін Қазақстаннан АҚШ-қа тікелей әуе рейстері ашылатыны хабарланған болатын. ҚР Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті аталған әуе қатынасын іске қосу бағытында авиациялық қауіпсіздік жүйесін күшейту жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы