Бүгiн 2026, 15:48 Фото: ©BAQ.KZ архиві/Алтынбек Хумарзах

Қазақстан жаһандық туризм рейтингінде 52-орынға көтерілді

Үздік 50 елдің қатарына кіру – стратегиялық мақсаттардың бірі.

Қазақстан әлемдік туристік рейтингте өз позициясын нығайтуда, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық индексінде Қазақстан 119 елдің ішінен 52-орынға көтерілген, бұрын 66-орынға ие болған. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті төрағасының міндетін атқарушы Нұрбол Байжанов хабарлады.

Жалпы үздік 50 елдің қатарына кіру – стратегиялық мақсаттардың бірі. Бұл туристерге ыңғайлы болуы мен қауіпсіздігін арттыру, инфрақұрылымды жақсарту және туристік объектілердің қолжетімділігін арттыру бойынша жүйелі жұмыстың нәтижесін көрсетеді, - деді спикер баспасөз конференциясы барысында.
Еске салайық, бұған дейін Бозжыра әлемдегі ең үздік 10 шөлдің қатарына енгені хабарланды.