Жекелей спринтте Илья Куварин бірінші орын алды.
Қазақстандық спортшылар аталған бәсекеде жасөспірімдер арасында 5 алтын, 3 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды.
Аружан Қабдулова із кесу сайысында, сондай-ақ ұпай үшін өткен жарыста жеңімпаз атанды. Мансұр Бралин кейринде топ жарды.
Қазақстан құрамасының қоржынына тағы бір алтынды командалық спринтте үздік атанған Зейнолла Азаматұлы, Илья Куварин және Мансұр Бралин әкелді.
Ал Аружан Қабдулова скрэтчте, Виталина Хоружая ұпай үшін өткен жарыста және Зейнолла Азаматұлы із кесуде күміс медаль жеңіп алды.
Скрэтчте Виталина Хоружая мен Әлихан Жүнісов, ал жекелей спринттен Мансұр Бралин қола жүлдегер атанды.