19 Қараша 2026, 13:34 Фото: Ақорда

Қазақстан Вашингтон моделі негізінде БҰҰ аясында жасанды интеллектіні реттеуді қолдайды

Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары білімнің келешектегі дамуы жасанды интеллект технологияларымен тығыз байланысты болары анық екенін айтты. 

«Қазақстан барлық салаға жасанды интеллектіні енгізуді қолға алды. Бұл ретте ғылым және білім салаларына басымдық беріледі. Мен 2026 жылды «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» деп жарияладым. Қазақстан «Жасанды интеллект туралы» заң қабылдады, Цифрлық кодексті бекітіп, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін құрды. Біз Жасанды интеллектіні қауіпсіз жолмен әрі жауапкершілікпен дамытуды көздейтін «Вашингтон моделін» қолдадық. Ол БҰҰ аясында жасанды интеллектіні реттеудің жаһандық ережелерін әзірлеуге негіз болады. Зерттеуші ғалымдарымыз KazLLM және AlemLLM деп аталатын ұлттық тіл модельдерінің басты элементтерін жасап шығарды. Биыл қазан айында Qazaq AI Research University жұмысын бастады. Бұл – еліміздегі жасанды интеллект зерттеулеріне маманданған алғашқы білім ордасы. Сонымен қатар студенттердің ЖИ саласындағы дағдыларын қалыптастыруға, технологиялық кәсіпкерлікті дамытуға және DeepTech-стартаптарға қолдау көрсетуге арналған AI-Sana бағдарламасы қолға алынды», - деді Президент.