21 Қазан 2026, 12:08 Фото: видеодан скриншот

Қазақстан V Азия Пара ойындарында пара велоспорттан екі алтын және бір күміс медаль жеңіп алды

Қазақстандық пара велоспортшылар Жапонияда өтіп жатқан V Азия Пара ойындарының чемпионы атанды.

Қазақстан құрамасы Жапонияда өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында пара велоспорттан екі алтын және бір күміс медаль иеленді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Ерлер арасында B класында 20 шақырымдық жеке уақытқа жарысуда Наиль Ермуханбет пен оның пилоты Руслан Алиев 34 минут 09,17 секунд нәтижемен мәреге бірінші болып жетті.

Осы санатта Кирилл Илюкевич пен оның пилоты Глеб Брусенский 35 минут 26,64 секунд көрсеткішпен күміс медаль жеңіп алды.

Әйелдер арасындағы B класында қазақстандық А. Калаус пен оның пилоты П. Братчикова да үздік нәтиже көрсетті. Олар 20 шақырымдық жеке уақытқа жарысты 32 минут 21,54 секундта аяқтап, алтын медаль иеленді.

Бұл сайыста Өзбекстан құрамасы 32 минут 45,82 секунд нәтижемен екінші орын алса, Сингапур спортшылары 34 минут 31,92 секунд көрсеткішпен қола жүлдеге қол жеткізді.

Осылайша, Қазақстан құрамасы пара велоспорттан V Азия Пара ойындарында үш медаль жеңіп алды.