25 Шілде 2026, 20:54
Фото: ҚР ҰОК
Қазақстан үстел теннисінен халықаралық турнирдегі алғашқы медалін жеңіп алды
Алматыда өтіп жатқан WTT Youth Contender турнирінде қазақстандық жұп қола жүлдеге ие болды.
Қазақстан құрамасы Алматыда өтіп жатқан үстел теннисінен WTT Youth Contender халықаралық турниріндегі алғашқы медалін жеңіп алды.
Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметінше, 15 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы аралас жұптық сайыста Олег Яковлев пен Мария Лукьянова қола жүлдеге қол жеткізді.
Қазақстандық жұп жарыс барысында Өзбекстан, Оңтүстік Корея және Малайзия өкілдерін жеңді. Ал жартылай финалда Үндістан құрамасына есе жіберіп, турнирді үшінші орынмен аяқтады.
Айта кетейік, WTT Youth Contender халықаралық турнирі 24–27 шілде аралығында Алматыда өтіп жатыр. Оған әлемнің түрлі елдерінен келген жас үстел теннисшілері қатысуда.