11 Тамыз 2026, 16:58 Фото: ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Қазақстан университеттерінде оқу ақысы қанша тұрады?

Биыл мемлекеттік білім грантына 127 мыңға жуық талапкер өтініш беріп, оның 75 мыңнан астамы грант иегері атанды. Грантқа іліге алмаған талапкерлер үшін енді ақылы бөлімде оқу қанша тұратыны маңызды.

Қазақстандағы ЖОО-ларда бір жыл білім алудың құны мамандық пен оқу орнына қарай әртүрлі. Кейбірінде жылдық төлем 500 мың теңгеге жуық болса, кейбір университеттерде бірнеше миллион теңгеге жетеді. 

BAQ.KZ тілшісі еліміздегі университеттердің ресми сайттарында жарияланған оқу ақысы туралы ақпаратты жинады.

Ескерту: кейбір университеттер бойынша 2026-2027 оқу жылына арналған баға әлі жарияланбаған. Мұндай жағдайда соңғы қолжетімді, яғни 2025-2026 оқу жылындағы оқу ақысы көрсетілді.

Астана

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

- Педагогикалық ғылымдар – 1,6 млн теңгеден

- Өзге бағыттар –1,85 млн теңгеге дейін

Назарбаев университеті

- Барлық мамандыққа – шамамен 7,05 млн теңге

Astana IT University

- Барлық мамандыққа – шамамен 2,34 млн теңге

Алматы

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

- Биология және биотехнология – 1,2 млн теңгеден

- Құқық – 1,9 млн теңгеге дейін

Сәтбаев университеті

- Менеджмент және басқару – 1 млн теңгеден

- Ақпараттық технологиялар – 1,3 млн теңгеге дейін

КИМЭП университеті

Бір академиялық кредит – 163 230 теңге

Жылдық оқу ақысы – 4 896 900-5 876 280 теңге

Шымкент

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

- Барлық мамандыққа – 832 мың теңге

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы

- Фармацевтикалық өндіріс технологиясы – 900 мың теңгеден

- Медицина –1,3 млн теңгеге дейін

(2025-2026 оқу жылындағы мәлімет)

Қарағанды

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

- Педагогикалық мамандықтар – 869 200 теңгеден

- Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары – 918 100 теңгеге дейін

Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті

- Барлық мамандыққа – 645-790 мың теңге

Өскемен

Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті

- Менеджмент және басқару – 609 840 теңгеден

- Ақпараттық технологиялар – 1 074 480 теңгеге дейін

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті

- Педагогикалық мамандықтар – 600 мың теңгеден

- Психология – 750 мың теңгеге дейін

Ақтөбе

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті

- Мейіргер ісі – 1 146 811 теңгеден

- Стоматология – 1 821 406 теңгеге дейін

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

- Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардан өзге мамандықтар – 594 мың теңгеден

- Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар – 763 мың теңгеге дейін

(2025-2026 оқу жылындағы мәлімет)

Атырау

Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті

- Қызмет көрсету саласы – 600 мың теңгеден

- Педагогикалық мамандықтар – 680 мың теңгеге дейін

Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті

- Барлық мамандыққа – 695 100 теңге

Ақтау

Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті

- Педагогикадан өзге бағыттар – 798 мың теңге

- Педагогика – 897 мың теңге

Тараз

М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті

- Педагогика және психология – 660 220 теңгеден

- Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар – 880 264 теңгеге дейін

Қызылорда

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

- Журналистика және ақпарат – 480 600 теңгеден

- Педагогика және психология – 591 мың теңгеге дейін

Павлодар

Торайғыров университеті

- Барлық мамандыққа – 650-660 мың теңге

Қостанай

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті

- Барлық мамандыққа – 549 мың теңге

Көкшетау

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті

- Барлық мамандыққа – 556-651 900 теңге

Талдықорған

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

- Барлық мамандыққа – 725 мың теңге

Түркістан

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

- Филология –787 мың теңгеден

- Медицина және стоматология – 1,33 млн теңгеге дейін

Семей

Шәкәрім университеті

- Барлық мамандыққа – 630-840 мың теңге

Орал

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

- Педагогикалық бағыттар – 680 мың теңге

- Өзге мамандықтар – 645 мың теңге

Қай ЖОО-да оқу қымбат?

Жинақталған мәлімет бойынша, өңірлік мемлекеттік университеттердің көпшілігінде бір жылдық оқу ақысы 500–900 мың теңге аралығында.

Ал жекелеген бағыттарда, әсіресе медицина, стоматология және IT салаларында оқу құны жоғары.

Тізімдегі ең қымбат оқу орындарының бірі – Назарбаев университеті. Мұнда бір жылдық оқу ақысы шамамен 7,05 млн теңгені құрайды.

Ал ең төмен көрсеткіштердің бірі Қызылордадағы Қорқыт Ата атындағы университетте – 480 600 теңге. Қостанайдағы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінде барлық мамандық бойынша оқу ақысы 549 мың теңге.

Оқу ақысы университеттің шешіміне, білім беру бағдарламасына және оқу жылына қарай өзгеруі мүмкін.

Нұрай Зинелова