Қазақстан Үндістандағы іскерлік туризмнің ең үздік бағыты деп танылды

Қазақстан 2023-2024 жылдары Үндістаннан келген бизнес-туристер үшін ең үздік MICE-дестинация болып танылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Аталған номинация Делиде (Үндістан) өткен жыл сайынғы The MICE Conference Expo & Awards (TMCEA) марапаттау рәсімі аясында табысталды.

Сыйлықты MICE Affairs журналының редакциясы береді. Салтанатты рәсім – MICE-индустриядағы маңызды оқиғаның бірі. Өйткені мұнда нарықтың жетекші өкілдері өзекті трендтерді талқылау, іскерлік кездесулер өткізу және саланың үздіктерін анықтау үшін жиналады.

Марапатты Kazakh Tourism атынан компанияның Үндістандағы өкілі Прашант Чодри былтыр Kazakh Tourism ҰК АҚ ұйымдастырған сапар аясында Астана және Алматы қалаларына келген MICE Affairs Media Group бас директоры Сачин Маночаның қолынан қабылдап алды.

MICE – конференциялар, конгрестер, көрмелер және өзге де іскерлік іс-шаралар индустриясы Қазақстан мен Үндістан арасындағы ынтымақтастықтың әлеуетті бағытының бірі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы