Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері тағайындалды

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне Талғат Байсуфиновтің тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ Қазақстан футбол федерациясына сілтеме жасап. 

Талғат Байсуфинов 2025 жылдың қазанында ұлттық құрама тізгінін үшінші рет ұстады. Оның жетекшілігімен команда 2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде бірқатар матч өткізді. Атап айтқанда, Қазақстан ұлттық құрамасы Лихтенштейнді 4:0 есебімен жеңіп, Солтүстік Македония (1:1) және Бельгия (1:1) құрамаларымен тең түсті.

Бұған дейін Талғат Байсуфинов 2016-2017 және 2020-2022 жылдар аралығында ұлттық құраманың бас бапкері қызметін екі рет атқарды.

Талғат Байсуфинов бірқатар отандық футбол клубында бапкер болды. Әр жылдары «Есіл-Богатырь» (Петропавл), «Ақсу», «Ертіс» (Павлодар), «Ақжайық» (Орал) клубтарын басқарып, сондай-ақ Қазақстан жастар құрамасымен жұмыс істеді.

Футболшы мансабында «Ертіс», «Металлург», «Еңбек», «Экибастузец», «Жетісу» және «Восток» клубтарында ойнады.

Еске салсақ, бұған дейін футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері тағайындалған еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы