Қазақстан Украинаға қару-жарақ жібермейді
Қорғаныс министрлігі БАҚ пен әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақстан Украина Қарулы күштерінің қажеттілігі үшін ресейлік әскери өнімдерді сатып алу туралы "Укрспецэкспортпен" келіссөздер жүргізіп жатқаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. 2022 жылдан бастап Қазақстанда қару-жарақ пен әскери техниканы экспорттауға тыйым салынғанын хабарлаймыз. Мұндай тұспалдаулар Қазақстан Республикасының беделін түсіруге бағытталған, - делінген хабарламада.
Осыған байланысты Қорғаныс министрлігі азаматтар мен бұқаралық ақпарат құралдарынан таратылған қауесеттерге көңіл аудармауын және тек ресми ақпарат көздеріне ғана сенуін сұрайды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ақсауыт киген ару - Ақерке Қажымұратова
Келесі жаңалық
“Жан Шуақ” сыйлығының лауреаттары марапатталды
Өзгелердің жаңалығы