3 Қыркүйек 2026, 17:05 Фото: ©BAQ.KZ архиві

Қазақстан Үкіметінің жаңа құрамы: Кім қызметінде қалды, кім ауысты?

Қазақстанда жаңа Үкімет құрамы жасақталды. 25 министрлік лауазымның төртеуінде өзгеріс болды. Қай министрлер қызметімен қоштасты, кімдер қалды?

Қазақстанда жаңа Үкімет құрамы жасақталды. Премьер-министр Олжас Бектенов қызметінде қалды, оның орынбасарларының басым бөлігі де қайта тағайындалды. Үкімет құрамындағы 25 министрлік лауазымның төртеуінде өзгеріс болды. Сонымен, жаңа Үкіметте кімдер қызметіне қайта тағайындалды, ал қай министрліктерге жаңа басшылар келді? Толығырақ BAQ.KZ материалында.

28 тамызда жаңадан сайланған Құрылтай алдында Үкімет өз өкілеттігін тоқтатты. Бұл – елдегі конституциялық өзгерістерге сәйкес жүргізілген рәсім. Жаңа Конституция 1 шілдеден бастап күшіне еніп, осыған байланысты бұрынғы екі палаталы Парламенттің өкілеттігі тоқтап, оның орнына бір палаталы Құрылтай құрылды. Құрылтай депутаттары сайланғаннан кейін Үкімет те жаңа құрам жасақталғанға дейін міндеттерін уақытша атқарған болатын.

Бүгін Үкімет құрамы толық жасақталды.

Үкімет қаншалықты жаңарды?

Жаңа Үкімет құрамында Премьер-министрді қоса алғанда, 25 министрлік лауазым бар. Соның ішінде төрт министр ауысты.

Премьер-министр қызметінде өзгеріс болған жоқ. Олжас Бектенов қайта тағайындалып, Үкімет басшысы қызметін жалғастырды. Ол бұл лауазымды 2024 жылдың ақпанынан бері атқарып келеді.

Премьер-министрдің орынбасарлары

Премьер-министрдің алты орынбасарының бесеуі өз қызметтерінде қалды.

Нұрлыбек Нәлібаев – Премьер-министрдің бірінші орынбасары. 
Ғалымжан Қойшыбаев – Премьер-министрдің орынбасары әрі Үкімет Аппаратының басшысы. 
Қанат Бозымбаев – Премьер-министрдің орынбасары. 
Серік Жұманғарин – Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі. 
Жаслан Мәдиев – Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі.

Бұған дейін Премьер-министрдің алтыншы орынбасары қызметін Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева атқарған. Жақында ол Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

Үкіметке төрт жаңа министр келді

Мұхтар Тілеуберді – Сыртқы істер министрі. 
Әлібек Қуантыров – Экология және табиғи ресурстар министрі. 
Арман Қырықбаев – Мәдениет және ақпарат министрі. 
Мұрат Мұханов – Төтенше жағдайлар министрі.

Қалған министрлер өз қызметінде қалды

Ержан Саденов – Ішкі істер министрі. 
Дәурен Қосанов – Қорғаныс министрі. 
Ерлан Сәрсембаев – Әділет министрі. 
Нұрлан Сауранбаев – Көлік министрі. 
Ерлан Ақкенженов – Энергетика министрі. 
Ерсайын Нағаспаев – Өнеркәсіп және құрылыс министрі. 
Жұлдыз Сүлейменова – Оқу-ағарту министрі. 
Арман Шаққалиев – Сауда және интеграция министрі. 
Нұржан Нұржігітов – Су ресурстары және ирригация министрі. 
Ақмарал Әлназарова – Денсаулық сақтау министрі. 
Айдарбек Сапаров – Ауыл шаруашылығы министрі. 
Асқарбек Ертаев – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі. 
Мәди Тәкиев – Қаржы министрі. 
Саясат Нұрбек – Ғылым және жоғары білім министрі. 
Ербол Мырзабосынов – Туризм және спорт министрі.