Қазақстан Үкіметі отставкаға кетті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ақорданың баспасөз қызметінің мәліметінше, Роман Скляр премьер-министрі міндеттерін уақытша атқаратын болады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы
2024 жылғы 05 ақпан
Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің орнынан түсуі қабылдансын.
2. Қазақстан Республикасы Премьер-министрі міндеттерін уақытша атқару Роман Васильевич Склярға жүктелсін.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері Үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаруды жалғастыра берсін.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев
Астана, Ақорда, 2024 жылғы 5 ақпан
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Сенаттың кулуарында БАҚ өкілдері сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевқа "Үкімет отставкаға кете ме?" деп сұрақ қойған еді.