10 Қараша 2024 2024, 02:25 Фото: скрин

Қазақстан ТЖМ құтқарушылары жолда қалған көлікке көмектесті

Қазақстан ТЖМ құтқарушылары жолаушылармен бірге жолда қалып қойған көліктерге көмекке келді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан ТЖМ құтқарушылары жолаушылармен бірге жолда қалып қойған көліктерге көмекке келді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сарыкөл ауданы, Новое ауылынан 35 ш.қ. «Екатеринбург – Алматы» автожолында ауа райының нашарлауы салдарынан екі жеңіл көлік қар құрсауында қалды. Жүргізушілер автокөлікпен кептеліп өз бетінше шыға алмады, - деп жазылған хабарламада.

Қостанайлық құтқарушылар дереу шақыру орнына келді. Олар өтімділігі жоғары техниканы пайдалана отырып, екі автокөлікті жолдың қауіпсіз учаскесіне сүйреп апарды. Авариялық-құтқару операциясы нәтижесінде 3 адам қауіпсіз жерге эвакуацияланды. Медициналық көмек қажет болмады.