Кеше 2026, 20:27
Фото: Ақорда
Қазақстан Түркиямен әскери транзит туралы келісімді ратификациялады
Мемлекет басшысы бірқатар заңды бекітті.
Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының және Түркия Республикасының әуе кеңістігі арқылы әскери мүлік пен персоналдың транзиті туралы келісімді ратификациялау туралы» Заңға қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасының әуе кеңістігі арқылы әскери мүлік пен персоналды транзиттеу туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, - делінген хабарламада.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Еске салайық, бұған дейін Тоқаев Ұлыбританиямен стратегиялық әріптестік туралы заңға қол қойды.