Қазақстан туралы үздік роман байқауының жеңімпазы анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазіргі Қазақстан туралы үздік роман конкурсының жеңімпазы өмір бойы айына 500 доллардан алып тұратын болды.
2022 жылдың 4 шілдесінде Алматыда өзінің тырнақалды туындысы "Күлпет" романын жазған Қазғұлов Шархан Нағметұлына "Freedom Support USA" бағдарламасы бойынша Ерікті жедел аннуитеттік сақтандыру шарты шығарылды. Бұл роман www.mecenat.kz сайтындағы конкурста халықтың көпшілік дауысымен жеңіске жетті. Марапат өмір бойына ай сайын 500 долларды (төлем жасалған күнгі ҚР Ұлттық Банкінің бағамы бойынша теңгемен) құрайды. Полисті қазақстандық "Freedom Finance Life" өмірді сақтандыру компаниясы" АҚ шығарды (ҚР Ұлттық Банкінің 28.05.2019 ж. №2.2.51 лицензиясы).
2022 жылдың 5 шілдесінде конкурс жеңімпазы және финалдың 6 қатысушысы баспа ісі және мәдениет қайраткерлерімен бірге Алматыда өткен дөңгелек үстелге қатысты, атап айтқанда:
- Мәдениет және спорт министрлігінің Архив істері және құжаттаманы басқару комитеті төрағасының орынбасары Ақтілек Тәжі мемлекеттің жаңарған кітап шығару саясаты туралы айтып берді.
- атақты ақын Бақыт Кенжеев әріптестерінің назарына қазақстандық жазушылардың ең ірі халықаралық кітап нарығында қандай жағдайларда сұранысқа ие бола алатынын жеткізді.
- сыйлық меценаты Тимур Турлов филантропияның алдағы жоспарларымен бөлісті,
- Қазақстан Жазушылар Одағы төрағасының бірінші орынбасары Ақберен Елгезек "Әдебиет академиясы" жобасы жайлы ақпаратты ортаға салды.
Дөңгелек үстелден кейін 10 ірі баспаның өкілдері финалдың осы 6 қатысушысымен олардың туындыларын басып шығару туралы тікелей келіссөздер жүргізді, осылайша әлем әдебиетінің тарихында тұңғыш рет киноиндустриядағы, мысалы, Канн (Франция) және Пусан (Оңтүстік Корея) сияқты маркетплейстердегі жобаларға ұқсас маркетингтік жобалар орын алды.
Роман Mecenat.kz жобасының аясында орыс тіліне аударылады.
Қазіргі Қазақстан туралы үздік роман үшін жыл сайын берілетін Mecenat.kz әдеби сыйлығы – бұл Қазақстан азаматтарының, ел патриоттарының және кәсіпқой әдебиетшілер тобының коммерциялық емес, саяси емес тәуелсіз азаматтық жобасы. Мақсаты – қазақ әдебиеті мен оқуға деген қызығушылықты дамыту. Сыйлықтың негізін қалаушы – Ерлан Асқарбеков, меценат – Тимур Турлов. Қазақ және орыс әдебиетінің сарапшылары – Бақытжан Қанапьянов пен Павел Банников.
Биыл 67 роман жиналып, дауыс беруге 21 жіберілді. Автор ретінде де, дауыс беруші ретінде де қатысу құқығы тек Қазақстан азаматтарына берілді. Сайтты 63 мыңға жуық адам қарап шықты. Олар сайтқа орташа есеппен әдеттегі 7 секундтың орнына 3-4 минут уақыттарын бөлді. Олардың 4 мыңға жуығы шығармаларын жүктеді, оқыды, тәуелсіз таңдауы бойынша дауыс берді.
Жобаға ақпараттық қолдау көрсеткендер:
– бас ақпараттық демеуші – Қазақстан ұлттық телеарнасы және Ақпарат министрлігі
– Мәдениет министрлігі (барлық 7300 мәдениет мекемелеріне ақпарат жіберіп, таратты)
– Amanat партиясы (барлық 800 мың партия мүшесіне ақпарат жолдады)
– Нұр-Медиа холдингі (Астана ТВ, "Литер" және "Айқын" газеттері)
- Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы (барлық филиалдарына ақпарат таратты)
Конкурс туралы хабарландыру келесі басылымдарда жарияланды:
- "Қазақ әдебиеті", "Егемен Қазақстан" газеттерінде
- ZTB, Dalanews, ҚазАқпарат, Baq порталдарында
Сондай-ақ ұйымдастырушы келесі әдеби ұйымдардың мүшелеріне тікелей шақыру жіберді:
- Жазушылар Одағы
- Алматы Ашық Әдебиет Мектебі
- "Литпрактикум" курстары
- Алматы әдебиет үйі
- "Жазушылардың Құрама Штаттары" жобасы
- Kitapfest жобасы
Жобаға Молданазар, М.Бисенғалиев, А.Саин, А.Мүкей, Л.Сұлтанқызы, С.Ақышев, С.Абас-Шах, Ж.Ильичева, Б.Қисықов, Алмаз Ержан, Олжас Құдайбергенов, Самал Ибраева сияқты жұлдыздар мен медиа тұлғалар қолдау көрсетті.
Дауыс беру рәсімі қазақстандық нөмірлердің SMS-хабарламаларын верификациялау, ішкі аудит, қорытынды аудит, арнайы техникалық рәсімдер мен хаттамалар арқылы қорғалды. Әзірлеуге біліктілігі ең жоғары киберқауіпсіздік мамандары қатысты. Сайтқа дауыстарды бұрмалау мен дауыс жинаудың заңсыз шабуылдары үздіксіз жасалғанымен, ұйымдастырушылар үміткерлердің алғашқы жұбындағы дауыстардың нақты санын бейнежазбаға түсіру арқылы нәтижелерге жалпы аудит жүргізіп, дұрыс тойтарыс бере алды.
Жоба келесі бағыттарда дамитын болады:
- қазақ диаспорасының авторларын шақыру
- әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде ілгерілетудің ойластырылған стратегиясы
- ең үздік қолжазбаларды экранға шығару үшін бірінші жылғы финалистерге арналған фоллоу-ап – кино продюсерлеріне арналған маркетплейс
- қазіргі ақпараттық демеушілермен арадағы серіктестікті күшейту
- барлық әдеби курстармен (қазақстандық немесе шетелдегі қазақ тіліндегі) ынтымақтасу
- киберқауіпсіздік шараларын күшейту.