Қазақстан трансшекаралық су қауіпсіздігін күшейтеді: Президент заңға қол қойды
Мемлекет басшысы «1992 жылғы Шекарааралық су арналары мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану жөніндегі конвенцияға Су және денсаулық проблемалары туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Аталған құжат Қазақстанның трансшекаралық су ресурстарын қауіпсіз және тиімді пайдалану, халықтың денсаулығын қорғау, ауызсу мен санитария саласындағы халықаралық стандарттарды енгізу жөніндегі міндеттемелерін нақтылай түседі. Хаттаманы ратификациялау су сапасын жақсартуға, су арқылы таралатын аурулардың алдын алуға, сондай-ақ су ресурстарын басқарудағы жауапкершілікті күшейтуге бағытталған.
Заңның толық мәтіні баспасөзде жарияланады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жаңа жылдан бастап таксистер мен курьерлер үшін не өзгереді
Өзгелердің жаңалығы