Qazaqstan телеарнасы Қаңтар оқиғасы туралы деректі фильмдер сериясын ұсынады

Қаңтар оқиғасының бір жылдығына байланысты 5 қаңтарда «Qazaqstan» телеарнасынан ұзақтығы 30 минуттық «Куәгер» деректі фильмі эфирге шығады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Фильмде Қаңтар оқиғасын көзімен көрген, арасында болған куәгерлердің оқиғасы баяндалады. Деректі фильмдегі куәгерлер - сол уақытта зардап шеккен бейбіт тұрғындарға көмек көрсеткен түрлі маман иелері.

5 қаңтар сағат 20:40-та Қаңтар оқиғасының хроникасына құрылған, Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың сол сәттегі шешімдері мен үндеулері туралы «Қаралы қаңтар» деректі фильмі көрсетіледі.

6 қаңтар сағат 20:40-та Қаңтар оқиғасына қатысты істі болып, рақымшылыққа іліккендер туралы «Кешірім» деректі фильмі эфирге шығады. Жобада амнистия аясында атқарылған жұмыстар кеңінен көрсетіледі. Бас прокуратура, ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің өкілдері, заңгерлер, рақымшылық берілген азаматтардың сұхбаты беріледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Qazaqstan телеарнасынан скрин
Өзгелердің жаңалығы